• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2022

«Банк ЦентрКредит» АҚ басшысы қызметінен кетті

268 рет
көрсетілді

Ғалым Хусаинов «Банк ЦентрКредит» АҚ басқармасының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесі Ғалым Хусаиыновтың басқарма төрағасы қызметінен кеткенін хабарлады. Ғалым Хусаинов жұмыс барысында қаржы институтының дамуына үлкен үлес қосты. Директорлар кеңесі Ғалым Хусаиновқа жұмысы үшін алғысын білдіріп, жұмысына және алдағы жобаларында жаңа табыстар тілейді», делінген хабарламада.

Директорлар кеңесінің шешімімен Руслан Владимиров басқарманың жаңа төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол «ЭКО Центр Банкте» қызмет атқарған.