АСТАНА. 24 мамыр. Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының 13-туры ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бір қызығы, ойналған 6 ойынның 5-інде бір есеп – 1:0 деген нәтиже тіркелді. Ал бұдан бөлек есеп – 2:1 Талдықорғанда тіркелді. Онда жергілікті «Жетісу» Қостанайдың «Тобылына» ұтылды. Голдарды алдымен қонақтар салды (Томас Шимкович, Игорь Бугаев). Алаң иелері 65-минутта Боти Демель бір доптың қарымтасын қайтарды.
Қалған ойындарда мына командалар жеңіске жетті: «Спартак» (Семей) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:1, «Шахтер» (Қарағанды) - «Тараз» (Тараз) 1:0, «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайрат» (Алматы) 1:0, «Қайсар» (Қызылорда) – «Астана» (Астана) 1:0, «Атырау» (Атырау) – «Ертіс» (Павлодар) 0:1.
Гол соққандар: Семейде - Маркос Пизелли, Қарағандыда - Михрет Топчагич, Шымкентте - Михаил Бакаев (автогол), Қызылордада – Мамути Кулибали, Атырауда - Константин Дудченко.
Осы турдан кейін «Ақтөбе» өзінің топ басындағы позициясын жақсарта түсті. Ал Дмитрий Огайдың тәліміне көшкен «Қайсар» турнирде өткен жолғы 3-орнына бірінші рет 2-орынға алмастырды.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: «Қайсар» клубының сайты.