Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.
Сондай-ақ сол күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуі өтеді.