• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2022

Түркістанда қатты нөсер салдарынан екі жасар бала көз жұмды

212 рет
көрсетілді

Бүгін Түркістан облысында сағат 01:00-ден 7:00-ге дейін қатты жаңбыр жауды. Оқиға салдарынан екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазығұрт ауылында үйдің ауласында 2020 жылы туған бала қайтыс болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала жаңбыр суымен толтырылған шұңқырға құлап, суға батып кеткен.

Сондай-ақ ведомство жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басқаны жөнінде хабарлады. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш облыстарында 13 бас мал қырылды.

Қазір су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жағдай облыс әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында.