• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2014

Хоккей. Әлем чемпионаты. Швеция қола медаль алды

272 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 мамыр. Бүгін Беларусь астанасы – Минск қаласында аяқталып жатқан хоккейден әлем чемпионатында Швеция құрамасы Чехия командасын 3:0 етіп ұтып, қола медальге қол жеткізді. Бұл туралы Чемпион.Ру хабарлады. Ойын чехтардың шабуылымен басталды. Шведтер қорғанысқа барынша қатты көңіл бөліп, қарсы шабуыл жасауға бейімделді. Осы тактика түбінде Тре Крунур жігіттерін жеңіске жетеледі. Олар бір-бірімен өте түсінісе ойнады. Қатты төзімділік танытқан шведтер бірінші кезеңде жасаған қарсы шабуылдары кезінде қарсыластар қақпасына екі шайба салып үлгерді. Ал соңғы кезеңде тағы бір гол соқты. Оларды Юаким Линдстрем (5-я минута), Симон Ялмарссон (16) және Микаэль Баклунд (49) өз есептеріне жазды. «Ойын кезінде қарсыластарымыз бізге қарағанда әлеуетті көрінді. Ол қақпаларға жасалған соққылар санынан да көрінеді. Ал біздің қақпашы Андерс Нильссон матчты өте тамаша өткізді. Ол өз қақпасына бірде-бір шайба салдырған жоқ. Осының арқасында біз қола медаль ала алдық», - деді Швеция құрамасының бас жаттықтырушысы Пер Мортс. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпион.Ру. Фото: Чемпион.Ру.