Ұлттық тасымалдаушы компания пойыздағы жоғарғы және төменгі орындардың бағасында 20 пайыздық айырмашылық болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.
Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Мәліметке сай, сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:
№ 111/112 «Алматы-Маңғыстау»; № 51/52 «Алматы-Орал»; № 105/106 «Алматы-Петропавл»; № 71/72 «Астана-Шымкент»; № 29/30 «Алматы-Атырау».Бұл тәсіл пилоттық режимде 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін қолданылады.