«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қаражатты толық игергеннен кейін ғана аяқталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз қаражаттың толық игерілуін күтеміз. Бастапқыда бізде жеті бағдарлама болды, бүгінде олардың бесеуі қалды. Біз олардан жоспарлы түрде шығамыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша біз барлық қаражатты толық игергеннен кейін ғана шығамыз», деді Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында.