АСТАНА. 26 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа нарығына еліміздің тауарларын өткізу көлемі ұлғаяды. VII Астана экономикалық форуымы шеңберінде ұйымдастырылған «Еуразиялық экономикалық интеграция - 20 жыл. Қорытындылар мен перспективалар» атты пленарлық отырыста Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz. хабарлады.
Қ.Келімбетов: «Жалпы, біз еліміздегі барлық экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды, экономиканы әртараптандыруды, ұлттық инновациялық стратегияны жүзеге асыруды өз өнімдерімізді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарықтарына жеткізу мүмкіндігі ретінде қараймыз. Осы тұрғыда инвесторлар тек қана бізге емес, Кеден одағы елдерінің жалпы нарығына келетінін көздей отырып, шетелдік инвестициялармен тікелей жұмыс істейміз», – деді.
Бұдан бөлек, ол отандық бизнес өкілдеріне Ресей, Беларусь елдеріндегі мемлекеттік сатып алулар нарығына ену қолжетімді болатынын атап өтті.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: primeminister.kz.