Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптауларға қатысты үш іс бойынша тергеудің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Үш адамның өлімі бойынша тергеу іс жүзінде аяқталды. Бұл үш қылмыстық іс», деді Әсет Шындалиев Сенат отырысында.
Бас прокуратураның өкілі рақымшылыққа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру», 362-бабы «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» және 146-бабы «Азаптау» бойынша жасалған қылмыстар кірмейтінін баса айтты.
Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапты, оның 19-ы полицейлер мен әскерилер.