• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қазан, 2022

Дәстүрлі дода

312 рет
көрсетілді

Алтай ауданында «Заря Востока» га­зеті ұжымының ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан Бақытжан Имам­баевты еске алуға арналған дәстүрлі жарыс өтті.

Жарты ғасырдан бері «Заря Востока» га­зе­тінің ұйытқы болуымен дәстүрлі түрде «Алтын күз» жеңіл атлетика кросы ұйымдастырылып келеді. Биыл жарыс ауданда 55-ші рет өтіп, «Заря Вос­тока» газетінің бұрынғы директоры Бақытжан Имамбаевты еске алуға арналды.

Жексенбі күні таңертең жарысқа қатысуға ниетті спортшылар белгіленген орынға жиналды. Кросқа қала мен ауданның жалпы білім беретін мек­тептерінің оқушылары, колледж студенттері, өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдар­дың қыз­меткерлері және спорт ардагерлері қа­тысты. Сөреге ұзын саны 400-ге жуық спортшы тұрды.

– Бүгін біз табысты кәсіпкер және белсенді спортшы болған Бақытжан Құрмашұлын еске алуға арналған кросты қолдау үшін жинал­дық. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде жас спорт­шылар үшін барлық жағдай жасалуда. Сіздердің облыстық, республикалық, халық­ара­лық жарыстарға қатысуға және жеңіп шығуға мүм­кіндіктеріңіз бар. Әрқашан жеңіс тұғы­рынан көрініңіздер! – деді қала әкімі Игорь Оконешников.

Бүгінгі күнде кросты дәстүрлі түрде ұйым­дастыруға Бақытжан Құрмашұлының ұлы Ди­дар Имамбаев ұйытқы болып жүр. Әкесінің ай­туымен Дидар бала кезінен бокспен айналыс­ты. Аудандық, облыстық және республикалық жарыстардың бір­неше дүркін жүлдегері.

Еске сала кетсек, «Алтын күз» жарысы коро­на­вирустық пандемияға байланысты 2020 және 2021 жылдары өткізілмеген. Биыл ғана дәстүрлі кросс қайта жалғасын тапты. Сонымен қатар биыл «Бүркіт» тау шаңғы кешенінің жұ­мысы қайта қалпына келтіріледі. Алтай ауда­нының тұрғындары, қонақтары қыстың күні бос уақыттарын аталған кешенде өткізуге мүмкіндік алады.

Сонымен жарыс жолына шығып, қара үзіп келген спортшылардың ішінде жеңіл атлетика жары­сының ардагері Анатолий Чуйкин болды. Жет­пістен асқан ол әлі күнге дейін жүгірумен айналысады.

Іс-шара соңында «Заря Востока» газетінің ұжымы барлық жүлдегерге бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталарын тапсырды. Бірінші орын ал­ғандарға аудандық газетке тегін жазылу бақыты бұйырды. Аудандық газеттің бас редакторы Ме­руерт Қа­лымжанқызының айтуын­ша, «Алтын күз» жа­ры­сын жылдан-жылға түрлен­діріп, қызықты өткізуге күш салынбақ. Демек келесі жылғы жарыс бұдан да тартысты өтеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы