• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2022

Сот Елжан Біртановтың үкімін жариялады

262 рет
көрсетілді

Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен  бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сот Елжан Амантайұлы Біртановты «санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану» эпизоды бойынша ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәсіз деп тануға және оның әрекеттерінде осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауын ақтауға үкім шығарды. Біртанов Елжан мен Әбішев Олжас ҚР ҚК 361 – бабының 4 - бөлігінде 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын», деп үкім шығарды судья Ибрагим Әлкенов.