• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Қазан, 2022

Ақмола шаруалары елордалықтарға тауарларын ұсынды

185 рет
көрсетілді

Елорда жәрмеңкесінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарлары сатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеев атап өткендей, жәрмеңке екі күнге созылады

«Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шамамен 650 млн теңгеге 850 тоннадан астам түрлі өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтары Ақмола өндірушілерінің 50-ден астам азық-түлік өнімдерін сатып ала алады», деді Малғажар Тәткеев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, өнімнің бағасы нарықтық бағадан орта есеппен 10% -15% төмен.

Атап айтқанда, әкім орынбасарының айтуынша, облыс фермерлері өздерімен бірге 200 тоннаға жуық ет пен ет өнімдерін, 100 тонна сүт пен сүт өнімдерін, 13 тонна жаңа піскен балықты, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, 25 тоннадан астам ұн, 100 тонна көкөніс, 200 тонна картоп, 8 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін алып келген.