Филиппинде су тасқынын тудырған «Налджи» тропикалық дауыл салдарынан 72 адам зардап шекті. Бұл туралы сенбіде апаттар қаупін азайту және олардың салдарын жою жөніндегі Ұлттық Кеңестің ресми өкілі Рафаэлито Алехандро мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, құрбан болған 67 адам Филиппиннің оңтүстігіндегі Магуинданао провинциясында өмір сүрген. Тағы 14 адам хабар-ошарсыз кетті.
Ішкі істер және жергілікті басқару министрі Магинданао Нагиб Сина Рэмбо тоғыз қала су астында қалғанын мәлімдеді.
«Налджи» - биыл Филиппинге соққан 16-шы циклон. Ол сенбі күні таңертең Катандуанес провинциясына соққы берді.