• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қазан, 2022

Астанада тәртіптік теріс қылық жасаған екі судья жұмыстан шығарылды

376 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар арасында кадрлық өзгерістер жүргізді. Тиісті бұйрық 26 қазанда Президент қол қойған «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлықта көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Қостанай облыстық сотының төрағасы Анатолий Смолин отставкаға кетуіне байланысты атқарған қызметінен босатылды. Астанада Сот жюриінің шешімі бойынша тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін екі судья жұмыстан шығарылды – бұл Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қанат Сырлыбаев пен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғалымжан Бекмамбетов.

Сондай-ақ Астана қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Қабиденова басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.

Ал қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Қыдырбек Әлхожаев қайтыс болуына байланысты қызметінен босатылды.

Құжатқа сәйкес, Марлен Бекетов мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы, Марал Омарова Ақтөбе қаласы сотының судьясы болып тағайындалды.