Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд ел астанасы Могадишодағы Білім министрлігінің ғимаратына содырлар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Жарылыстар кезінде 100 адам қаза тауып, тағы 300 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Garowe порталының мәліметтері бойынша, екі көлікке орнатылған жарылғыш құрылғылар іске қосылды.
Куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары екі жарылыстан кейін оқ жаудырған.
Қаза тапқандардың арасында балалар, сондай-ақ жергілікті телеарнаның тілшісі және аудандық полиция бастығы бар екені белгілі болды.
Ел билігі жарылыстарды «Харакат Аш-Шабаб» қылмыстық тобының содырларының ұйымдастырды деп есептейді.