25-30 қазан аралығында Италияның Бергамо қаласында каратэден әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 елден келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» пәнінде сәтті өнер көрсетіп, жарыстың жеңімпаздары атанды. Ләззат Жүсіпова көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында 1-ші орынды иеленді, ал Дидар Мұхамеджанов тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында үздік атанды.