Түркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.
Цехтан 40 келі қаптарға оралған ұнтақ заттар табылған. Олардың қаптамасы ретінде «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш үнтақтарының затбелгісі пайдаланылған. Нәтижесінде төрт ер азамат ұсталды: үшеуі Түркістан қаласының тұрғыны және бір Өзбекстан азаматы.
Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.