• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қараша, 2022

Дмитрий Песков Ресейде мобилизацияның аяқталғанын растады

177 рет
көрсетілді

Жұмылдыру шараларын тоқтату үшін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің жарлығы қажет емес. Бұл туралы бүгін Кремль өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл туралы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқықтық басқармасының қорытындысы бар. Тиісінше, нүкте қойылады. Ішінара жұмылдыру аяқталды. Қорғаныс министрлігі әскери комиссариаттарға кез-келген шақыру қағаздарын одан әрі жібермеу туралы жеделхаттар жіберді», деді ол.

Песков Путиннің ішінара жұмылдыру туралы жарлығы орындалғанын айтты. Ескі жарлық бойынша жаңа шақыру толқыны болмайды.

Еске сала кетсек, 21 қыркүйекте Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, Ресейде ішінара жұмылдыру басталатыны туралы жариялаған еді.