1 қарашада Алжирде Араб Лигасы (LAS) басшыларының екі күндік саммиті басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күн тәртібінде Палестинадағы жағдай, азық-түлік қауіпсіздігі, терроризммен күрес және аймақтық мәселелер қарастырылуда.
Аталған саммит осыдан екі жыл бұрын да өткен еді.
Саммиттің соңғы күні көшбасшылар Ресей-Украина арасындағы жағдайды және оның араб елдері үшін жағымсыз салдары аясында туындаған мәселелерді шешеді деп жоспарланған. Сонымен қатар Алжир декларациясы қабылданады.