• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2022

Жаңа қаулы бойынша IT мамандар сертификациядан өтуі керек

270 рет
көрсетілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы қаржы компанияларынан IT саласындағы қызметкерлердің кемінде 5 пайызын сертификаттауды талап етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өзгерістер ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері персоналының кемінде 5%-ын міндетті бейіндік сертификаттауды қамтамасыз ету бөлігінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінің құзыреттеріне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді», деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігі. 

Ақпаратқа сәйкес, сертификаттау ISO/IEC 17024:2012 Халықаралық стандартына немесе ISO/IEC 17024-2014 Мемлекетаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылуы керек. Бұл стандарттарды персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдар - сертификаттау процестерінің тәуелсіздігін, ашықтығы мен сенімділігін растау үшін кеңінен қолданады.

Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-порталында немесе Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.