• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2022

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны өседі

313 рет
көрсетілді

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Qatar Airways» катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Енді екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар, «Qatar Airways» әуекомпаниясы 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында ұшуларды жоспарлап отыр.  

«Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.