Өткен тәулікте Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан өңірлерінің республикалық маңызы бар күре жолдарында жаңбыр мен қар жауып, жолшы мамандар түні бойы көктайғақты алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні аталмыш өңірлердегі республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазартуға, көктайғаққа қарсы материал себуге, сондай-ақ патрульдеу жұмыстарына 144 бірлік арнайы техника мен 230 адам жұмылдырылды. Күн райы нашарлаған сәттен бастап 1 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.
Қазіргі уақытты еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар ашық. Жолшы мамандар қысқы-күтіп ұстау жұмыстарын атқаруды жалғастырып жатыр.