• RUB:
    5.17
  • USD:
    479.05
  • EUR:
    534.57
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Қараша, 2022

Елордада кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді

336 рет
көрсетілді

Елордалық «Жастар» сарайында 7 қарашада жұмыссыздарға арналған жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бос орындар жәрмеңкесі 7 қарашада сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Іс-шараның мақсаты - елорданың жұмыссыз тұрғындарын бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады. Бос орындар жәрмеңкесі Республика даңғылы, 34 мекенжайындағы «Жастар» сарайында өтеді.