• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қараша, 2022

Бөліп төлеу науқандарының саясында не тұр - сарапшы жауабы

392 рет
көрсетілді

Бөліп төлеу - тауардың нақты бағасын салыстыруға мүмкіндік бермейді, тіптен банк тарапынан жылдық 50% процент қосылуы мүмкін. Бұл туралы талай жыл белгілі банкті басқарған Ғалым Хусайынов өзінің телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Бөліп төлеудің барлық түрі - бұл банктің пайыздық кірісінің көлемі бойынша тауар құнының өсуі, және адамдар мұндай өнімнің нақты қанша тұратынын тексере алмайды. Ал бөліп төлемейтіндер үшін бағасы әртүрлі сыйлық не бонустар беріледі. Мысалы, теледидар 100 000 теңге тұрса, сөреге 125 000 теңгеге қойылады, 12 айға бөліп төлеу ұсынылады. Іс жүзінде бұл уақыт ұзақтығын (инвестициялардың толық қайтарылуына дейінгі уақыт кезеңі және пайыздық тәуекел өлшемі) ескере отырып, жылына шамамен 50% құрайды», деп түсіндірді.

Айтуынша, көп мөлшерде бөліп төлеу тауардың құнын пайыздық мөлшерлемемен арттырады және бұл инфляцияға әсер етеді.

«Сондай-ақ, тарифтерді жасанды тежеу - ​​бір жылдан кейін тарифтерді бірден үлкен сомаға көтеру қажеттігін тудырады. Олар инфляцияны ұстап тұру үшін жасалып отыр, бірақ шындығында, тарифтерді көтеру уақыты келгенде, олар жыл сайын жиынтықта көтерілгеннен гөрі көбірек пайызға көтеріледі», деп толықтырды сарапшы.

Оның айтуынша, инфляция өнімнің тұтынушылық сапасының жақсаруына байланысты да өсе береді.

«Мәселен, телефондар мен автокөлік жыл сайын алдыңғы үлгілерге қарағанда технологиялық жағынан жетілдірілген және қымбатырақ. Инфляцияның өсуі халықтың әл-ауқатының өсуіне де байланысты. Халық неғұрлым бай болса, соғұрлым қызметтер мен тұтынатын тауарлары қымбаттайды», деп қорытындылады экономист.