• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қараша, 2022

Қазақстанда Сот әкімшілігі пайда болады

747 рет
көрсетілді

ҚР Жоғарғы Соты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Сот әкімшілігінің жұмысы туралы ереже әзірленді, ол ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен қайта құрылды.

Сот әкімшілігінің міндеттері:

Сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жетілдіру; Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау; Сот жүйесі мен Соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу.

Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі.

«Мұндай тәсіл арқылы Судьялар корпусы сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне толығымен шоғырланатын болады», делінген түсіндірмеде.

Сот Әкімшілігінің құрылымында ҚР Жоғарғы Сотының аппараты құрылады.

Айта кетсек, Сот әкімшілігінің қызметкерлері жалақы деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де шарттары бойынша ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және ҚР Парламенті Палаталары аппараттарының қызметкерлеріне теңестіріледі.

Құжат 18 қаңтарға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.