• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 07 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысынының жұртшылығымен кездесті

199 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысынының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Кездесу барысындаМемлкет басшысы Маңғыстау облысының маңыздылығына тоқталды. 

«Киелі Маңғыстауды 362 әулиенің мекені деп бекер айтпаған. Бекет ата, Шақпақ ата, Шопан ата сияқты тұлғаларды бүкіл қазақ пір тұтады. Маңғыстауды ашық аспан астындағы мұражай десек, артық айтқандық емес. Шежірелі аймақ ұлт тағдырына қатысты талай оқиғалардың куәсі болған. Осы Өңірден қазақтың көптеген белгілі тұлғалары шыққанын. Жалпы, бұл жақта халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы өте жақсы сақталған. Маңғыстаудың әйгілі жыршылар мектебі бабалар үнін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Соңғы жылдары қайта жаңғырған Отпан таудағы бірлік жиыны өнегесі мол, лайықты оқиға болды, халқымыздың рухының мықтылығын көрсетті деп айтсақ, артық болмас», деді Президент.