• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 07 Қараша, 2022

Маңғыстаудағы көлік-логистика әлеуетін арттыру керек - Президент

179 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент Маңғыстау -  Қазақстанның көлік-транзит стратегиясында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мұнда азық-түлікті экспорттау және импорттау мүмкіндігін кеңейткен жөн. Сондай-ақ, өңірдің көлік-логистика әлеуетін арттыру керек. Транзиттік тауарлардың бір бөлігін ішкі нарыққа бағыттап, азық-түлік бағасын төмендетуге болады. Алпауыт елдердің бір-біріне санкция салуы жағдайды қиындатып тұр. Шетелдік серіктестерімізбен бірге ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар салу мәселесін қарастыру қажет. Сосын одан шыққан дайын тауарды қайтадан экспорттауға болады.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін еліміздің басқа өңірлерінен Маңғыстауға жеткізу маңызды. Үкімет мұндай тауарларды осы жаққа тасымалдау үшін «айрықша төмен тариф» енгізу жайын пысықтасын», деді Тоқаев.