• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2022

Маңғыстаулықтар 100 млн доллардың азық-түлігін сырттан алады

114 рет
көрсетілді

Президент азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды деп санайды. Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды. Агроөнеркәсіп саласы – ел экономикасын дамыту ісіндегі стратегиялық басымдықтың бірі. Мен халықаралық форумдарда әлемдік нарыққа азық-түлік өнімдерін көптеп шығара аламыз деп жиі айтамын. Бұған бізде мол мүмкіндік бар. Бірақ ең алдымен, өз елімізді сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек», деді Президент.

Оның айтуынша, Маңғыстау өңірі үшін бұл мәселе айрықша маңызды.

«Аймақ тұрғындары жыл сайын 100 миллион доллардың азық-түлігін сырттан алады. Мұндай тәуелділік оның бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттаған. Көбіне мұндай ахуалдың қалыптасуына аймақтың орналасқан жері және логистика мәселелері себеп болып отыр», деді Мемлекет басшысы.