• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қараша, 2022

Каспийге 54 итбалық қайтарылды

473 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметімен бірлесіп Каспий теңізінің акваториясындағы браконьерлік қылмыстардың жолын кесуге және табиғи әр алуандықты сақтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлескен іс-шаралар барысында теңіз кеңістігінде 68 жүзу құралын мінген 153 құқық бұзушы ұсталды (шекаралық тәртіпті бұзғандар – 79, аймақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғандар – 71, мемлекеттік шекара тәртібін бұзғандар - 3).

«Ұзындығы 400 шақырымға жуық браконьерлік жолмен балық аулауға арналған тор және 17 мың ілмек алынды. Табиғи тіршілік ортасына 946 бекіре тұқымдас және 5 321 ұсақ тұқымдас балық түрлері мен 54 итбалық қайтарылды», делінген ведомство хабарламасында.

Іс-шара нәтижесінде 1,82 миллиард теңге көлеміндегі залалдың алды алынды. Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғандарға 3,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.