Түркістан облысында кішкентай бала өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға 5 қарашада орын алған. Төлеби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдемнен жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы мал қорада жіпке асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Ақпарат алысымен полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Сырттай қарау барысында мәйітте зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмады. Ал өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», делінген хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер жасөспірімнің жақындарынан, мектеп ұжымы мен оқушылардан жауап алып жатыр. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.