• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қараша, 2022

Қазақстанда автобус саны 15,5% азайған

292 рет
көрсетілді

Статистикалық деректер бойынша Қазақстандағы автобус саны 82,2 мыңды құраған, бұл 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,5%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП аналитика қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 10 жылдағы автобус санының азаюы мен халық санының өсуі тұрғындар үшін автобустардың қолжетімділігіне әсер етпей қоймайды.

Мәселен, 2012 жылы бір автобусқа шаққандағы адам санының индексі 173 адамды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 231 адамға дейін өскен. Бұл көлік түрінің халыққа қолжетімділігі азайғанын көрсетеді.

Өңір бойынша бұл көрсеткіште «көшбасшылар»: Түркістан облысында 1 автобусқа - 615 адам, келесі орында Шымкент, онда 1 автобусқа 395 адам және Алматы облысында 1 автобусқа 395 адамнан келеді.

Ал жақсы көрсеткіштер Атырау облысында - 1 автобусқа 120 адам және Қостанай облысында 1 автобусқа 122 адам.