• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 08 Қараша, 2022

Атырау облысында 432 үй апатты жағдайда тұр

343 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау облысының инженерлік инфрақұрылымын дамыту – күрделі мәселе. Мұнда тұрғын-үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бірақ, ескі үйлер әлі де көп», деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін құрылыс жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

«Көп қабатты тұрғын-үйлердің төрттен бірі, яғни 432 үй апатты жағдайда тұр. Үкімет Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, бұл мәселені шешуге тиіс. Сондай-ақ апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін құрылыс жұмыстарын жандандыру қажет», деп атап өтті Мемлекет басшысы.