• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2022

Ақсудағы батырлар бейнесі

424 рет
көрсетілді

Мурал сурет салудан да қиын деседі. Кес­кіндеме өне­рінің заманауи түрі соңғы жылдары Кереку жерінде кең тарала бастағаны бай­қалады. Жуықта Ақсу ша­һарында қазақ батыр­лары бейнеленген ауқымды мурал пайда болды.

Ақсудағы креативті жастар орталығының жетек­шісі Нариман Өскенбаев эскизді таңдау үшін «Young patriot» деп аталатын арнайы байқау ұйымдас­тырылғанын айтады. Келіп түскен жұмыстардың ішінде 17 жастағы Аружан Абжатованың суреті үздік деп танылған. «Жастардан мурал» деп аталатын жоба жоғарыда айтқанымыздай Қарулы Күштердің мерейтойына арналды.

– Байқау тура­лы ақпаратты оқы­­ғанымда оның идея­сы кө­ңі­ліме бір­ден ұя­лады. Ең әуе­лі хал­­қымыздың жа­­­уынгерлік рухын бір суретте қа­­лай біріктірсе бо­­ла­ды дегенге бас қатырдым. Ой­ыма жоңғар шап­қын­шылығындағы қа­зақтың бас қолбасшысы Бөгенбай батыр орала берді. Одан соң есімі тірісінде аңызға айналған атақты панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлының ерлік істерін бүгінгі жас ұрпақ білуге тиіс деп шештім. Ал муралдағы үшінші бейне – заманауи қазақ әскерінің сарбазын табу қиын болмады, – дейді жас кескіндемеші.

Аружан биыл облыс орталығындағы Бауыржан Мо­мыш­­ұлы атындағы орта мектепті тәмамдапты. Болашақ мамандығын сәулет саласымен байланыстырмақ ойы бар. Қазіргі күні Түркияның Анкара қаласында білімін жалғас­тырып жатыр.

Бұл кескіндеме «My Style» аэрографиялық студиясы салған Ақсу қаласындағы үшінші мурал болып саналады. Студия басшысы Антон Толчин тоғыз қабатты үйдің сыртқы қабырғасына мұндай кең ауқымдағы суретті түсіру тәжірибеде бірінші рет болды дейді. Қазақ батырларын заманауи үлгіде бейнелеу үшін қызметкерлер 60 килограмм бояу жұмсапты. Автокөтергіштің көмегімен мурал 18 сағат ішінде салынып шықты.

 

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы