• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Қараша, 2022

Азық-түлік бағасы қалай реттелмек?

340 рет
көрсетілді

Қымбатшылық бүйірден қысып тұр, әсіресе азық-түлік бағасының өсуі азаматтарға ауыр тиіп жатыр. Бұл орайда мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) өнімдерінің бағасын ұстап тұруға күш салып жатқаны белгілі. Алайда Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауын­ша, мемлекет ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың «қатаң» құ­рал­дарын пайдаланудан бас тартады.

Ведомствоның хабарлауынша, азық-түлік тауар­ла­рының тапшылығын бол­дырмау, отандық бизнес пен халық мүдделерінің тең­ге­рі­мін сақтау мақсатында «қа­таң» құралдарды пайдалану жағдайды шешпейді. Яғни осы кезге дейін дұрыс деп есептелген – бөлшек баға­лардың шекті мәнін белгілеп қою және ӘМАТ-қа шекті рұқсат етілген бөлшек баға­лар­дың мөлшерін бел­гілеудің қолданыстағы ережелері ен­ді­гі кезекте жа­рамсыз. Жа­рам­сыз болатын себебі, бұл тәсіл бизнес тарапынан реніш туғызуда.

Осыны ескере отырып, ми­нистрлік жаңа ережелер жобасын әзірледі. Бұл құжат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өн­дірушілердің өзіндік құны мен өткізу бағаларын, ло­гис­тикаға арналған шығын­дар­ды, көтерме және бөлшек сату­шы­лардың 15%-дан ас­пай­тын мөлшердегі сауда үстемелерін, сақ­тауға ар­нал­ған шығындарды, сондай-ақ өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің залал­ды қызметіне жол бермеуді ес­ке­ре­тін ӘМАТ-қа бөлшек сауда ба­ға­ла­рының шекті мәндерінің мөлшерін белгілеу үшін жер­гілікті атқарушы органдардың есеп айырысу түрлерін ай­қындайды.

«Жалпы, мемлекет ауыл шар­уа­шылығы­ өнім­дерін өндірушілерді өз өнім­дерінің бағасын өз бетінше тұрақтандыруға ынталандыруға мүмкіндік беретін «оңтайлы» реттеуге біртіндеп көшуге ниет­ті. Бұл – ауылшаруашылық өнім­­де­рін өндірушілерді «айна­лым схемалары» бойынша тіке­лей өндірушілерге қаржы­лан­дыру тәсілдерін өзгерту, ауыл­ша­руа­шылық жәрмеңкелерін өт­кізу, қыз­мет тізбегін талдау және азық-түлік бағасына тікелей әсер ете­тін аймақтық комис­сия­лар­дың жұмысы аясында өнімсіз делдалдарды анықтау сияқты әдіс­­тер. Бұдан басқа, қазіргі уа­қыт­та Ауыл шаруашылығы ми­­нистрлігі бағаны тұрақ­тан­дыру тетігі ретінде «форвард» ұғымын енгізуді көз­дейтін ӘМАТ бағасын тұ­рақ­тан­дыру тетіктерінің үлгілік қағидаларына түзету­лер әзір­ле­ді», делінген министрлік хабарламасында.

Аталған бастамалар ауыл шар­уашылығы тауарын өнді­ру­­ші­лерді әлеуметтік маңызы бар тауарларды өнді­руге, олар­ды ке­йіннен белгі­лен­ген ба­ға­мен жет­кі­зуге алдын ала қар­жы­лан­дыруға мүм­кіндік береді.

Ұлттық статистика бюро­сы ұсынған дерекке қара­сақ, қазан айында жылдық инфляция 18,8 пайызға жетті. Қыркүйекпен са­лыс­тырғанда инф­ляция 1,6 пайыз­ға көте­ріл­ген. Осы қарқын­мен жыл соңына дейін инфляция 20 па­йыздық межеден еркін асып түсетін секілді.