• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қараша, 2022

Түркістанда әкімдік қызметкері тұрғынды балағаттаған

209 рет
көрсетілді

Түркістан облысының тұрғындары Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне шағым түсірді. Желіде тараған видеоға қарағанда, әкімдік қызметкері мәселесін айтып келген әйел адамға дөрекі сөйлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандық белсенді жариялаған бейнероликте аудан әкімдігінің қызметкері Қ.Жаналиев жергілікті тұрғын Г.Тиналиеваға қатысты мәдениетсіздік танытып, дөрекі сөйлегенін көруге болады. 

«Сайрам ауданының әкімдігі халықпен қалай сөйлесу керектігін біле ме өзі? Мемлекеттік қызмет этикасына сай келмейтін сөздермен әйелдің намысына тиіп тұрғандай. Осы видеодан түйгенім: Жаңа Қазақстан Сайрам ауданына әлі келмеген сияқты. Халық облыс әкімі тұрмақ, аудан әкімінің маңына жолай алмай жүргенде, ашықтық туралы әңгіме айтудың өзі артық, деп жазды  А.Айтаханова есімді қолданушы.

Аудан әкімінің аппараты видео астына пікір қалдырып үлгерген.   «Түркістан облысы әкімі аппаратымен бейнебайланыс арқылы аудан әкімінің қатысуымен аппараттық мәжіліс өткен болатын. Әкімдік қызметкері Қ.Жаналиев пен Г.Тиналиева арасындағы орын алған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, нәтижесі туралы алдағы уақытта хабарланатын болады», делінген түсініктемеде.