• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қараша, 2022

Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды

224 рет
көрсетілді

Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл заңмен реттелуі керек. Біз заң бойынша жұмыс істейміз. Кез-келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау талаптары бар және мемлекет кейбір ақпаратты құпияландыруға құқылы», деді Әбдірашит Жүкенов мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ол бұл іс бойынша қосымша ақпарат берілетінін айтты.

Бұған дейін Бас прокуратура ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижелері бойынша тергеу органының айыптау актісін бекіткені туралы хабарланған еді. Қылмыстық іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.