• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Қараша, 2022

IРО: Бір акция – 8 406 теңге

165 рет
көрсетілді

Қор нарығы үшін ғана емес, қоғам үшін де ма­ңыз­ды халықтық IPO-ның басталуына да са­нау­лы күндер қалды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясы өзіне тиесілі 551 698 745 акцияның 30 505 974 жай акциясын жаппай жария сатылымға шығармақ. Бір акцияның бағасы – 8 406 теңге.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төр­ағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, IPO-ға шығарылайын деп отырған акция, компанияның бүкіл акциясының 5 пайызын құрайды.

«Қалған акциялар қазіргі уа­қыт­­та Қазақстан Ұлттық банкіне тие­­сілі. Осылайша, IPO-ның нәти­желері бойынша қор кем дегенде 85 пайыз акцияларға иелік етуді жалғастырады. Ұсыныстың шеңберінде бір акцияның бағасы шамамен 5,1 тлрн теңге мөлшерінде капитал­дандыруды болжай оты­рып, бір акция үшін 8 406 теңгені құ­райды. Инвесторлардың өтінім­де­рін қабылдау 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, инсти­туцио­налдық инвесторлар үшін 2022 жылдың 30 қарашасында, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады», деді қор төрағасы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­па­ния­сының басқарма төра­ғасы Мағзұм Мырзағалиев компа­ния­ның жетістіктерін айта келе, қай тұрғыдан алғанда да IPO-ға шығуға лайықпыз деген емеурінді жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» көмірсу­тек­тер­ді барлау мен өндіруден бас­тап тасымалдауға, өңдеуге және сер­вистік қызметтер көрсетуге д­е­йінгі барлық өндірістік цикл бойын­ша активтерді басқарады, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Ком­па­ния елдегі мұнай мен газ конденсатын өндіруде 25 пайыз, тасымалдауда 56 пайыз және мұнай өңдеуде 82 пайызды қамтиды. Шо­ғырландырылған активтеріміз 15 трлн теңгеден асты. Биыл «ҚазМұнайГаздың» құрылғанына 20 жыл толды. Қазірдің өзінде компания корпоративтік басқару мен ашықтықтың ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Өзінің еурооблигацияларының шығары­лым­дары арқылы халықаралық және қазақстандық бағалы қағаз­дар нарықтарында кеңінен танымал. Үкімет пен қордың «Қаз­МұнайГаз» акцияларының бір бөлігін еркін нарықта сату туралы шешімі әлеуетті инвесторларға ком­панияның акцияларын сатып алуға мүмкіндік береді, Қазақ­стан­дағы бағалы қағаздар және қор биржалары нарығының дамуына ықпал етеді. Біз өз тарапымыздан инвесторларымыз үшін тартымды болуы және олардың ин­вестициялық портфельдерінде лайық­ты орын алуы үшін бар кү­шімізді саламыз», деді компания басшысы.

Жоспарланып отырған IPO Үкімет бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешен­ді жоспарын іске асыру аясында өткізіледі. Қор AIX және KASE қағидалары мен ережелеріне сәй­кес қазақстандық және халық­аралық бөлшек және инсти­ту­ционалдық инвесторларға AIX қазақстандық алаңдарында және Қазақстандық қор биржасында (KASE) акциялар ұсынуға ниетті.

«KMG» сауда коды (тикері) бар AIX-тің ресми тізіміне акция­лар 2022 жылғы 7 желтоқсанда енгі­зіледі, ал AIX-те сауда-сат­тыққа рұқсат 2022 жылғы 8 жел­тоқ­саннан бастап берілмек. «Қаз­МұнайГаздың» жай акциялары «KMGZ» сауда коды бар KASE листингіне енгізілген.

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылғы 9 қарашада сағат 12:00-де басталады және институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылғы 30 қарашада сағат 18:00-де, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылғы 2 желтоқсанда сағат 15:00-де аяқталады.