• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисшілер Глазгода ұтылып қалды

141 рет
көрсетілді

Испания құрамасы Шотландияның Глазго қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің екінші ойын күнінде Қазақстан құрамасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жұптық ойында Анна Данилина мен Юлия Путинцева Паула Бадос пен Алена Большовадан 4:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Теннистен әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлем чемпионатының қорытындысын шығарды.

«Кеше Ұлыбританиямен өткен матчта қыздар жақсы нәтиже көрсетті. Ал бүгін өте қиын күн болды, испандықтар мықты болды. Біздің қыздар соңына дейін шайқасты, біз жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Жарыстың бірінші күнінде біз турнирдің қожайындары - Ұлыбританияны жеңдік. Енді келесі кездесулерге дайындаламыз», деді Ярослава Шведова матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.