• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2022

Ұлттық қордан қанша ақша алынатыны белгілі болды

228 рет
көрсетілді

Сенаторлар Ұлттық қордан 2023-2025 жылдарға арналған қаражатты шығару туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2023 жылға арналған кепілдік берілген трансферт мөлшері 2,2 триллион тг, 2024 жылға – 2 триллион тг, 2025 жылға – 1,9 трлн теңгені құрайды.

Ақша мемлекет міндеттемелерін орындауға жұмсалады.

«Заң жобасын қабылдау бюджет пен Ұлттық қор арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Сенаттың тұрақты комиссияларында бұл заң жобасы бойынша ешқандай ескертулер мен ұсыныстар жоқ», деді сенатор Серікбай Трумов.