Қарумен заңсыз әрекеттерге байланысты құқық бұзушылықтардың саны бір жылда 38% өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom сайтына сілтеме жасап.
Биылғы қаңтар - қыркүйек айларында елімізде қаруды заңсыз алу, пайдалану, өткізу және басқа да әрекеттерге байланысты 2 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 37,9 пайызға артық.
Құқық бұзушылықтардың көпшілігі қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүруге байланысты.
Жиі жасалған құқық бұзушылықтардың қатарына қаруды заңсыз жасау (418 жағдай) және қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жымқыру немесе қорқытып алу (141 жағдай) кірді.
Құқық бұзушылықтың көп бөлігі Алматыда тіркелген (72 іс, өткен жылдың он айында тек 1 іс қана болған).
Мұндай құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай өсуі Жамбыл облысында да байқалады (13 жағдай, былтыр 1 ғана жағдай). Еліміздегі 20 өңірдің 14-де ғана бұл құқық бұзушылықтар тіркелген.
Биылғы қаңтар - қыркүйек айларында қаруды заңсыз алу, пайдалану, өткізу және өзге де әрекеттерге байланысты құқық бұзушылықтар салдарынан келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 75,2 млн теңгені құрап, бір жыл ішінде 22,3 есе өсті.