Елімізде доллар бағасы 4 теңгеге қымбаттады. Бұл ақпаратты Қазақстан қор биржасы (KASE) растап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 469,42 теңгені құрады. Яғни 3,69 теңгеге өсті. Айта кетейік, Ұлттық Банктің 10 қарашадағы ресми бағамы бір доллар үшін 465,58 теңгені құраған еді.
Ал kurs.kz деректері бойынша қазіргі сәтте Алматы қаласының ақша айырбастаушы нысандарында долларды сатып алу бағасы - 469,01 теңгеге, сату - 472,79 теңге.
Астанада американдық валютаны сатып алу орта есеппен 469,64 теңге,ал сату - 471,91 теңге болып тұр.