• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қараша, 2022

Түркістан облысында 35 мыңға жуық газ датчигі орнатылды

264 рет
көрсетілді

ТЖМ басшысы Түркістан облысының халқымен кездесуде қабылданып жатқан өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 қазанынан бастап жылыту кезеңі басталды. Жылыту маусымында азаматтардың қаза болу қаупін азайту үшін министрлік бірқатар шара қабылдады. Бірінші кезекте, республика бойынша халықтың әлеуметтік  осал топтарының санын есептеу аяқталды. Олар көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер. Оларға кейін атаулы көмек көрсетіледі. Өңірде олардың саны 25 мыңнан асады.

Екіншісі-жылыту маусымы бойы жүргізілетін тұрғын үй секторындағы профилактика. Мұнда азаматтарға пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды дұрыс пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Министр бұл ретте министрліктің әдістемелік көмек көрсететіне баса назар аударды.

Бүгінгі таңда қызметкерлер облыс бойынша 70 мыңға жуық үйді аралады. 68 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі бұзушылығы анықталды, 23 мыңнан астам оқиға орнында жойылды, қалғандары бойынша ұсыныстар берілді.

«Облыс бойынша әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қосымша 35 мыңға жуық датчик орнатылды. Олар қауіп туралы алдын ала хабардар етеді және азаматтардың қаза болуына жол бермейді. Жыл соңына дейін бір жарым мың датчик орнату жоспарлануда», деді ТЖ министрі Юрий Ильин.