Жаркентте 24 жастағы тұрғын қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми порталына сілтеме жасап.
Панфилов аудандық полициясына 60 жастағы ер адам үйін өртеген адамға шара қолдану туралы жазбаша арыз қалдырған.
Анықталғандай, 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Ол үй иесінің қызымен таныс болып шықты.
«Белгілі болғандай, күдікті осы үйде тұратын қызбен таныс екен. Ол қыздың телефон қоңырауларына жауап бермегеніне ашуланып, қызғанған. Артынша ол үйге жасырын кіріп, оны ішінен өртеп жібереді. Өрт ауыздықталып, көрші үйлер мен тұрғын үйлерге таралуына тосқауыл қойылды», деп хабарлады полициядағылар.
Алдын ала шығын 25 миллион теңге деп бағаланды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі «Қасақана өртеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.