Астана қаласының Сарыарқа ауданында жылу беру құбыры жарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«КамАЗ жүргізушісі мұнара кранының құрылымын тасымалдау кезінде сыртқы магистральдық жылу беру тарссасын зақымдады. Салдарында Сарыарқа ауданы, Ы.Дүкенұлы көшесі, 30-үйдің маңында құбыр жарылды. Зақымданған аумақты оқшаулаумен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жедел мобильді топтары айналысып жатыр», деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.