«Хабар» арнасындағы сайлауалды теледебат кезінде ҚР Президенттігіне үміткер, «Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаев Жигули Дайрабаев жемқорлықпен қалай күресу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кандидат дала демократиясы, жоғары рухани-адами мәдениет пен қуатты аграрлық салаға негізделген жаңа Қазақстанға қол жеткізуг туралы сөз қозғады. Оның айтуынша жемқорлықпен күресті адами-рухани тәрбиеден бастау қажет.
Сондай-ақ Дайрабаев ауылды дамыту арқылы елімізді дастарханы сапалы және бағасы қолжетімді отандық өніммен толтырылатын аграрлық державаға айналдыруға нық бекінгенін жеткізді.