• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қараша, 2022

Петропавлда үш бала ауруханаға түсті

13 қараша күні қаладағы Панфилов көшесі бойында жеңіл көлік жүргізушісі аялдамаға соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш бала зардап шеккен. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас емес болмаған.«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді», деп жазылған ІІМ сайты таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар