• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 435

266 рет
көрсетілді

2014 жылғы 4 мамыр, Астана, Үкімет Үйі Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи  монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.Қоса беріліп отырған Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 442-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 92-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №435 қаулысымен бекітілген Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары 1.Жалпы ережелер 1. Осы Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – концессия субьектісі) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау мақсатында әзірленді. 2.Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тарифтің шығын бөлігі – тарифті бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетуіне байланысты шығындар жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, сату жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) тұрады; 2) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган; 3) концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – концессия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түріндегі көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге тиіс қызметтер (тауарлар, жұмыстар); 4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 5) инвестицияланған капитал – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін концессия субьектісінің меншікті қаражаты мен қарыз капиталының сомасы; 6) меншікті қаражат – концессия объектісін құруға және реконструкциялауға пайдаланылатын концессия субьектісінің ақша қаражаты (акционерлік (жарғылық) капитал, бөлінбеген пайдасы (таза кірісі) немесе амортизациялық аударымдары); 7) қарыз капиталы – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін қарыз (кредиттер алу, облигациялар шығару және сату, ақшалай міндеттемелердің басқа да түрлері бойынша қаражат алу) есебінен пайда болған капитал. Қағидаларда пайдаланылатын өзге де түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының концессия туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы және бюджет заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Концессия субьектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі 3.Концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тарифтер реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды өндіруге) ұсынуға қажетті шығындар құнынан төмен болмауға, инвестицияланған капиталды қайтаруды қамтамасыз етуге және концессия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескеруге тиіс. Бұл ретте концессия шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тарифтер инвестицияланған қаражаттың қайтарылуы ескерілместен қалыптасады. 4. Концессия шарты бойынша концессия субьектілері көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптасады: 1) жылдық ақшалай түсім есебі, ол: осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың жылдық сомасын айқындауды; осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес инвестицияланған капиталдың бастапқы және қалдық сомасының мөлшерін айқындау мен алдағы кезеңге инвестицияланған капиталды қайтарудың жылдық сомасының есебін; осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес инвестицияланған меншікті қаражаттарға арналған пайданың жылдық сомасының есебін қамтиды; 2) осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес концессия шарты бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі мен түрлерін алдағы кезеңге айқындау; 3) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша жылдық түсімді негіздеп бөлу жолымен айқындау. 5. Тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар субьектілері кірістерінің, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есебін жүргізу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті орган бекіткен кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша жүзеге асырылады. 6. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті қалыптастыру кезінде концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саланың объектілерін қаржыландыруға байланысты тиісті негіздеуші материалдармен расталған шығыстар ескеріледі. 7. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі №130-НҚ бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Табиғи монополиялар субьектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады. 8. Инвестицияланған капиталдың жалпы мөлшері инвестицияланған капиталдың меншікті және қарыз сомасы ретінде айқындалады. Инвестицияланған капиталдың бастапқы сомасының болжамды шекті мөлшері және оны тартудың алдын ала шарттары (қарыз капиталының құрылымы, сыйлықақы мөлшерлемесі және меншікті қаражаттың пайда мөлшерлемесі, мақсатты пайдаланылуы, игеру кестесі, қайтару шарттары) концессия субъектісінің растаушы құжаттарының негізінде (концессия субьектісінің қаржылық есептілігі, концессиялық жобаны қаржыландыру туралы меморандумдар, банк шоттарынан үзінді көшірмелер және т.б.) айқындалады. Инвестицияланған капиталды тартқаннан кейін концессия шартына жасалған қарыз шарттарына сәйкес инвестицияланған капиталды (қарыз капиталының құрылымы, сыйлықақы мөлшерлемесі және меншікті қаражаттың пайда мөлшерлемесі, мақсатты пайдаланылуы, игеру кестесі, қайтару шарттары) тарту сомасы мен шарттары көзделетін қосымша келісім жасау арқылы тиісті өзгерістер енгізіледі. 9. Инвестицияланған капиталды мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді. Тариф құрамындағы инвестицияланған капиталды (меншікті және қарыз) қайтару концессия шартында және концессия субьектісінің инвестициялық бағдарламасында көзделген және тиісті құжаттармен расталған нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылған капиталға ғана жүргізіледі. Концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессия субьектісінің меншікті қаражатын қайта инвестициялау сомасы мен мерзімдері концессия шартында және концессия субьектісінің инвестициялық бағдарламасында айқындалады және мақсатты пайдаланғаны тиісті құжаттармен расталуға тиіс. Тарифте ескерілетін қарыз капиталын қайтарудың жылдық сомасы қарыз шарттарында белгіленген қарыз капиталын қайтару (өтеу) кестесінің негізінде айқындалады. Қарыз капиталын қайтару сомасын есептеу кезінде инвестициялық бағдарламаға және концессия шартының талаптарына сәйкес қайта инвестициялау (негізгі құралдарды жаңарту және жөндеу) үшін алдағы кезеңде концессия субьектісі пайдаланбаған амортизациялық қордың бос ақша қаражаты ескеріледі. Тарифте ескерілетін концессия субьектісінің инвестицияланған меншікті қаражатын қайтару концессия объектісін пайдалана бастаған сәттен бастап концессия шарты қолданысының барлық мерзімі бойы жыл сайын тең төлемдермен жүргізіледі. Концессия субьектісінің меншікті қаражатын қайта инвестициялау кезінде меншікті қаражатты қайтару меншікті қаражаттың қайта инвестицияланған сомасы ескеріле отырып жүзеге асырылады. Уәкілетті орган жыл сайын реттеу кезеңі ішінде пайдалануға енгізілген объектілер туралы нақты деректерді, бекітілген пайдалануға енгізу жоспарын түзетуді және қайтарылмаған инвестицияланған капиталдың қалдығын ескере отырып, реттеудің кезекті есептік жылына белгіленетін инвестицияланған капиталды қайтару шамасына түзету жүргізеді. 10. Тарифте ескерілетін концессия субъектісінің инвестицияланған және (немесе) қайта инвестицияланған меншікті қаражатына арналған пайданың жылдық сомасы пайда мөлшерлемесінің концессиялық жобаға салынған концессия субъектісінің меншікті қаражатының қалдық сомасына көбейтіндісі ретінде есептеледі. Инвестицияланған меншікті капиталға пайда мөлшерлемесі қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан немесе концессия шартына қол қою сәтіне белгіленген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ақша қаражатын (депозиттер) тарту мөлшерлемесінен кем емес шама болып табылады. Концессия субъектісінің инвестицияланған және (немесе) қайта инвестицияланған меншікті қаражаты толық қайтарылғаннан кейін тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескерілетін пайданың жылдық сомасын есептеу табиғи монополия субъектілері үшін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайданың (таза кірістің) мөлшерлемесін есептеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 11. Концессиялық заңнамада көзделген концессия субъектілеріне мемлекеттік бюджеттен шығындарды өтеуге және кіріс алуға бөлінетін көздер тарифтің шығын және кіріс бөліктерінде ескерілмеген шығыстарды жабуға және кірістерді қамтамасыз етуге бағытталған төлемдерді қоспағанда, тарифті азайтуда ескеріледі. Шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің төлемақы мөлшері мен тәртібі концессия шартында көзделеді және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 12. Тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, концессия субьектілеріне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидиялар тарифтің шығын бөлігін азайтуда ескеріледі. 13. Концессия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін айқындау көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нақты және болжамды деректердің негізінде заттай өлшемде жүзеге асырылады. 14. Концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі. 3. Концессия субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер бекіту тәртібі 15. Уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуді мынадай жағдайларда: 1) концессия субьектісінің бастамасы бойынша; 2) уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізеді. 16. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаны, алымдар мөлшерлемелерін) оңайлатылған тәртіппен бекіту Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі. 17. Қайта құрылған концессия субьектісі не реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерін көрсетуді жоспарлап отырған концессия субьектісі уәкілетті органның оны Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламасын алған сәттен бастап он күн мерзімде уәкілетті органға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімді ұсынады. 18. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтінімге: 1) жасалған концессия шартының көшірмесі; 2) инвестициялық бағдарламаның көшірмесі; 3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасы; 4) концессия шартында көзделген жобалық қуат туралы деректер; 5) инвестицияланған капиталды жыл сайын қайтару есебі; 6) концессия шартында көзделген инвестицияланған меншікті капиталдың кіріс нормаларының есебі; 7) пайданы бөлу туралы ақпарат және ақша ағындарын бөлу жөніндегі ақпарат; 8) концессия шартында көзделген, құзыретті орган растаған ұсынылатын қызметтердің жоспарланып отырған көлемдері; 9) таратылып жазылуын қоса бере отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектердің болуы немесе болмауы туралы деректер; 10) концессия шартында көзделген сан нормативтерінің есебі; 11) салалық техникалық және технологиялық нормалардың, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың есебі; 12) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есебі; 13) негізгі өндірістік қорларды жұмысқа жарамды күйде ұстау үшін қажетті шығындар сметасының жобасы; 14) осы Қағидаларға 3-29-қосымшаларға сәйкес тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын есептеуге арналған тарифтік сметаның жобасы; 15) концессия шартына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланып отырған көлемі туралы ақпарат; 16) концессия шартына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін таза кірісті (пайданы) пайдалану туралы ақпарат; 17) өткен кезеңде инвестицияланған капиталды (қарыз және меншікті) қайтару туралы мәліметтер; 18) қарыз қаражатын қайтару және қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеу кестесі қоса беріледі. 19. Концессия субьектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын ұсынады. 20. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) жалпы тәртіппен бекітуге арналған өтінімге: 1) жасалған концессия шартының көшірмесі; 2) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба; 3) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасы; 4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығы) сәйкес бекітілген нысан бойынша ұйымның бухгалтерлiк теңгерімі; 5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына сәйкес бекітілген нысан бойынша пайдалар мен залалдар туралы есеп; 6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына сәйкес бекітілген нысан бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп; 7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына сәйкес бекітілген нысан бойынша капиталдағы өзгерiстер туралы есеп; 8) қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба; 9) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген еңбек жөнiндегi (1-е нысаны) есеп; 10) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген жекелеген лауазымдар мен кәсiптер бойынша қызметкерлер жалақыларының мөлшерi туралы есеп (2-Е кәсіп); 11) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген 1-ӨҚ нысаны бойынша кәсiпорынның (ұйымның) өндiрiстiк-қаржылық қызметi туралы есеп, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 2-МП нысаны бойынша қызметтiң негiзгi көрсеткiштерi; 12) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген негiзгi қаражаттар мен материалдық емес активтердiң болуы және қозғалысы туралы есеп (№ 11 нысаны); 13) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жиынтық деректер; 14) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нақты шығындарды негiздейтiн материалдар қоса берілген тарифтiк сметаны орындау туралы есеп; 15) таратып жазылған дебиторлық және кредиторлық берешектер; 16) таратып жазылған өзге және басқа шығыстар; 17) бекiтiлген инвестициялық бағдарлама (жоба); 18) өткен жылдар ішінде инвестицияланған капиталды (қарызды және меншікті) қайтару туралы мәлімет; 19) уәкiлеттi органмен келiсілген және өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын: әкiмшiлiк персоналдың басшы қызметкерлерiнiң штат кестесiнің және оларға еңбекақы төлеудiң шектi деңгейiнiң; негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн, ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасының; есепке алу саясатының болуын растайтын мәліметтер; 20) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмдерi; 21) негiзгi құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелерi туралы мәлiметтер; 22) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмдерi көрсетiлген амортизациялық аударымдардың есебi; 23) Ерекше тәртiпке сәйкес тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн нақты жұмсалған шығыстар туралы мәлiметтер; 24) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, концессия субъектiсiнiң жалпыға бiрдей сапалы қызмет көрсету мiндетiне және мүмкіндіктеріне, тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейін ұстап тұру немесе көтеру мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып, тауарларды өндiру көлемдерінің есептері, тұтынушы сұранысын маркетингтiк зерттеу материалдары); 25) концессия субъектiсiнiң жобалық қуаты және оны нақты пайдалану туралы деректер; 26) Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 3 – 29-қосымшаларда көрсетiлген нысан бойынша тарифтiк сметаның жобасы; 27) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн таза кірісті пайдалану туралы ақпарат; 28) амортизациялық аударымдарды пайдалану туралы ақпарат; 29) уәкiлеттi орган айқындаған және экономикалық тиiмдiлiктiң деректерi мен есебiн қамтитын өтiнiмдi қарау кезеңiнде қолданылатын шамаға және мерзiмде нормативтен тыс ысыраптар болған кезде оларды жою жөнiндегi, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптарды төмендету жөнiндегi iс-шаралар жоспары (электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату, сумен жабдықтау, мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсететiн концессия субъектiлерi ұсынады) қоса берiледi. 21. Азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында, сондай-ақ стратегиялық тауарлардың құнын көтерген кезде концессия субьектісі уәкілетті органға төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту үшін жүгінеді. 22. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге: 1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба; 2) осы Қағидаларға 30-қосымшада көрсетілген нысан бойынша Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда тарифтік сметадағы стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын бабы ғана түзетіледі; 3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі. Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, сатып алынатын және төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарт, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептері, алдағы кезеңге бекітілген нормативтік техникалық ысыраптардың болуы, стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде өтінім беруге себеп болған осы тауар шығысының нормалары туралы ақпарат қоса беріледі. 23. Уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) қайта қаралған жағдайда концессия субъектісі тиісті талапты алған сәттен бастап экономикалық негізделген есептерді және ақпаратты жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімді ұсыну кезіндегідей көлемде ұсынады. 24. Өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар уәкілетті органға мынадай талаптар бойынша беріледі: 1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді және концессия субъектісі басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Қаржы құжаттарына концессия субъектiсінiң басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және концессия субъектiсінiң мөрiмен расталады; 2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады; 3) концессия субьектісі өтінім қарауға қабылданғаннан кейін уәкілетті органның талабы бойынша өтінім берер алдындағы 4 тоқсан ішіндегі шығындар туралы нақтыланған деректерді уәкілетті органға күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынады; 4) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін болдырмау мақсатында бір жылға есептелген деректер негізге алынады; 5) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің), оның ішінде сараланған тарифтердің жобаларын есептеу кезінде базаға өтінім берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі немесе өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері алынады; 6) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендетудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады; 7) концессия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады. Осы Қағидалардың 24-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төтенше реттеуші шара ретінде бекіткен жағдайларға қолданылмайды. 25. Уәкілетті орган тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуге өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және концессия субьектісін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы бас тарту себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді. 26. Мыналар: 1) өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзу; 2) осы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау; 3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 24-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі; 4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгiленген конкурс (тендер) өткізу туралы талаптарды, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi өзге тәсiлдермен сатып алу туралы талаптарды бұзу; 5) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну концессия субъектісінің өтінімін қараудан бас тарту негіздемесі болып табылады. Мыналар: 1) осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау; 2) концессия субьектісінде бекітілген нормативтік техникалық ысыраптардың, стратегиялық тауар құнының өзгеруі өтінімді ұсынуға себеп болған осы тауар шығысы нормаларының болмауы концессия субьектісінің тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімін қараудан бас тарту негіздемесі болып табылады. 27. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты өтінім беруші «коммерциялық құпия» деген белгімен ұсынады және жеке мұқабада жібере алады және ол қолдаухат қаралатын ақпараттар (құжаттар) топтамасына енгізіледі. Ақпарат құрамындағы коммерциялық құпия оны уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз бола алмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты уәкілетті органға ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін бекіту туралы актісінің көшірмесін қоса береді. 28. Уәкiлеттi орган концессия субъектісі тарифтерiнің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына және осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес экономикалық негiзделген есептерді ұсынған жағдайда өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік елу бес күн iшiнде, ал өтiнiмдi оңайлатылған тәртіппен қараған жағдайда, күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Уәкілетті орган төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын күнтізбелік он күн ішінде қарайды. 29. Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шара ретінде қайта қаралған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттырған кезде концессия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік смета мен тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) жобаларын ұсынады. 30. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобасына: 1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібін реттейтін концессия шартының ережелерін ескере отырып, концессия субъектісі өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын концессия субъектілері көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде; 2) бұл үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған концессия субъектісін тарта отырып, сараптама жүргізеді. 31. Уәкілетті орган Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес концессия субъектісінен қосымша ақпарат сұратады. Концессия субъектісі уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде талап етiлген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезiнде мәлiмделген шығындарды есепке алмайды. 32. Уәкілетті орган концессия субъектісі ұсынып отырған тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға салады. 33. Уәкiлеттi орган жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту туралы шешiмді оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып қабылдайды. 34. Тарифтердiң қолданылу мерзімі концессия субъектiсінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және концессия шартын iске асыруға көздеген кезеңнен аспайтын мерзімге белгiленедi. 35. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкiлеттi орган концессия субъектiсіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей жолдайды. Бұл ретте тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) оңайлатылған тәртіппен бекіту туралы шешім уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді және концессия субьектісіне бекітілген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) пен тарифтiк смета енгізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жолданады. 36. Концессия субъектісі тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) енгiзу туралы ақпаратты тұтынушылардың концессия субьектісі өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру арқылы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткiзедi. Концессия субъектісі тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) оңайлатылған тәртіппен енгізу туралы тұтынушылардың назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік он күннен кешіктірмей ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізеді. 37. Концессия субъектісі уәкiлеттi органға күнтізбелік бес күн iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар ету фактiсі туралы ақпарат ұсынады. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларына 1-қосымша Тарифті есептеу формуласы 1. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифі (бағасы, алымдар мөлшерлемесі) мына формуламен есептеледі: Тi = Bi – ГВі Vi мұнда: Ti – реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифі (бағасы, алымдар мөлшерлемесі); Bi – жылдық түсім; ГВi – шығындарды өтеу немесе бюджеттен табыс алу көздері; Vi – реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі. 2. Жылдық түсім мына формула бойынша есептеледі: Вi = Рi + ВКi + ДКi; мұнда: i – реттелетін кезеңдегі есеп жылының нөмірі, i = 1, 2, 3.. Вi – i жылға жылдық түсім; Pi – i жылға тарифке қосылатын шығындар; ВКi – i жылға инвестицияланған капиталды қайтару; ДКi – инвестицияланған жеке құралдардан i жылға анықталған табыс 3. Инвестицияланған капиталды қайтару мына формуламен есептеледі: ВКi = BKPi + BKБi мұнда: ВКi – i жылы инвестицияланған капиталды қайтару; ВКРi – инвестицияланған қарыз капиталды қайтару; ВКБi – инвестицияланған меншікті қаражатты қайтару. ВКРi = РИКi - ИИКi РИКi – і жылға қарыз шартын өтеу кестесіне сәйкес қабылданған инвестицияланған қарыз капиталын жылдық төлеу мөлшері. ИИКi – уәкілетті органның келісімі бойынша қарызды өтеуге бағытталуы және і жылдың сол кезеңінде тарифтің шығын бөлігінде есептелуі мүмкін амортизациялық аударымдардың сомасы; ВКБi = ПИКi + РИi – НЦКi - ∑BKрi CВКi мұнда: ПИКi – инвестицияланған меншікті қаражаттың бастапқы сомасы; РИi – концессия объектісін пайдалану процесінде қайта инвестицияланған меншікті капиталдың сомасы; НЦКi – нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған меншікті капиталдың сомасы; СВКi – концессия шарты қолданылуының қалдық мерзімі, жылдармен; ВКрi – алдыңғы кезеңдердегі қайтарылған меншікті капитал. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларына 2-қосымша нысан Субъектінің атауы _______________________________ Концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын есептеу үшін жиынтық деректер 20___ жылғы ________________жағдай бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы Р/с № Көрсеткіштердің атауы* Өлшем бірлігі Қолда ныста ғы тарифтік сметада қабыл данды Алдыңғы аяқтал-ған жыл- дың нақты көрсет- кіштері Алдыңғы аяқталған 4 тоқсан ның нақты көрсет кіштері Субъект жобалайтын көрсет- кіш тер 1 2 3 4 5 6 7 I Тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге арналған шығындар, барлығы, оның ішінде: мың теңге 1 Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде: 1) шикізат және материалдар -»- 2) Сатып алынатын бұйымдар -»- 3) ЖЖМ 4) отын 5) энергия 2 Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы, оның ішінде: - « - 1) өндірістік персоналдың жалақысы 2) әлеуметтік салық - « - 3 амортизация - « - 4 Жөндеу, барлығы, оның ішінде Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу 5 Өзге шығыстар (таратып жазу) - « - II Кезең шығыстары барлығы, оның ішінде: - « - 6 Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде: - « - Әкімшілік персоналдың жалақысы - « - Әлеуметтік салық - « - Салықтар - « - Өзге шығыстар (таратып жазу) - « - 7 Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар - « - III Қызметтерді көрсетуге арналған барлық шығындар - « - IV Табыс (АРБ*ПС/(1-(КТС /100)) - « - V Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ). - « - VI Барлық табыстар - « - VII Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі заттай көрсет-кіштерде VIII Нормативтік техникалық ысыраптар % заттай көрсет-кіш-терде IX Тариф көрсе- тілетін қызмет-тердің (тауар-лардың, жұмыс-тардың) бірлігі не теңге Анықтамалық: 8 Персоналдың тізім бойынша орташа саны, адам оның ішінде: өндірістік - « - әкімшілік - « - 9 Орташаайлық жалақы, барлығы, оның ішінде теңге Өндірістік персонал - « - Әкімшілік персонал - « - 10 Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу мың теңге 11 Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (таратып жазу) - « - 12 Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы, оның ішінде - « - Жөндеуге арналған материалдар - « - жалақы - « - әлеуметтік салық - « - Ескертпе * шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін Қолдары Бас бухгалтер .......................................................Басшы М.О. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларына 3-қосымша Нысан Субъектінің атауы _____________________________ Мұнайды магис