• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қараша, 2022

Марокко әскери ұшқышсыз ұшақтар шығарады

259 рет
көрсетілді

Марокко отандық әскери өнеркәсіп құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жайында Марокко министрінің ұлттық қорғаныс департаментіне жауапты үкімет басшысы Абделлатиф Лудия мәлімдеген. 

2021 жылдың маусымында Марокко Министрлер Кеңесі қорғаныс және қауіпсіздік материалдары мен жабдықтары, қару-жарақ пен оқ-дәрілер туралы «10.20» заңын қабылдады. Мәтінде әскери техниканы өндіру, тасымалдау, саудалау, әкелу және экспорттаудың құқықтық негіздері жазылған. 

2023 жылға арналған ел бюджетін қарау бойынша өткізілген отырыста ішкі әскери өнеркәсіп құру жоспары жайлы ақпарат расталды. 

Марокконың АҚШ, Франция және Ұлыбританиядан қару-жарақ жеткізуге тәуелді екенін ескерсек, бұл елдің қорғанысы үшін айтулы оқиға болып отыр. Қытай мен Израиль жақында Марокконың негізгі қорғаныс серіктестеріне айналғанын да айта кеткен жөн.