• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2010

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

709 рет
көрсетілді

Астанада “Посткеңестік кеңістіктегі тарих ғылымы: өзара әріптестік жағдайы және болашағы” атты халықаралық дөңгелек үстел болып өтті. Аталған шара осы жылдың 27-30 мамыр аралығында өткізілетін халықаралық жоба аясында ұйымдастырылды. Жобаны ұйымдастырған – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ТМД-ға қатысушы елдер Мемлекетаралық гуманитарлық байланыс қоры. Қазақстан мен Ресей ғалымдары әзірлеген жобаға ТМД елдері мен АҚШ, Түркия сияқты елдер ғалымдары да қатысты. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты ғалымдардың тарихты қайта екшеуден өткізу арқылы бұрмалаушылыққа жол бермеу және демократиялық қоғам жағдайында тоталитарлық кезеңді сыни тұрғыдан қайта пайымдау болып табылады. ҚР БҒМ Мемлекет тарихы инсти­тутының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның пікіріне қарағанда, ғалымдар өзге елдердің шамына тиетін ақпараттарды тарата салмай, тараптарды қанағаттандыратын ортақ нүктеде тоғысатындай бір тетік іздеулері қажет. Халықаралық маңызды шараға РМГУ ректоры, РҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Е.И.Пивовар, М.Синан атындағы Ыстамбұл универ­си­тетінің профессоры Абдулуахап Қара, Колумбия университетінің профессоры Рафиз Абазов, Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің профессоры В.И. Сергиичук, М.Ломоносов атындағы ММУ Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікті зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталығының бас директоры А.В.Власов және өзге де ғалымдар қатысты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.