• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қараша, 2022

Кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқандар ұсталды

215 рет
көрсетілді

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды. Күдікті топта 26-дан 32 жасқа дейінгі аралықтағы 6 ер адам бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы ұсталғандардың жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды. Бүгінде ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер «ұрылар идеологиясын» ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Мұнда олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған», деп жазылған Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.